Тамыз айына арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Болжамға сүйенсек, тамыздың екінші және үшінші онкүндігінде ауа райы жауын-шашынды болмақ.
Ортала ауа температурасы солтүстік-батыс өңірлерінде климаттық нормаға сай келсе, оңтүсік-шығыста бір градусқа жоғары болады деп болжануда.
Айдың алғашқы онкүндігінде республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейіп, жаңбыр жаууы ықтимал.
Сондай-ақ, айдың бас кезінде ауа температурасы жоғары болмақ. Кей жерлерде күн 36-38 градусқа дейін ысиды. Ал онкүндіктің ортасына қарай кей жерлерде сынап бағаны 39-43 градусты көрсетуі мүмкін.
Ал тамыздың орта кезі мен соңында жауын-шашын жиілей түседі екен.