KZ
Өскемен
-41°
туман жел 2 м/с, В
512.16 594.72 6.57

Ертең күн райы жауын-шашынсыз болады – ШҚО

Фото: azattyq-ruhy.kz

7.11.2023, 22:57 763 Ләззат Қанатқызы

"Қазгидромет" РМК 8 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, антициклон сілемінің әсерінен республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде циклондық желдің және атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады, республиканың солтүстік-батысында жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болып, жел күшейеді, – делінген хабарламада.

Қазақстанда тұман түсіп, елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу