Күн райы: шығыста күн ашық болады
Фото: egemen.kz
Қазгдромет синоптиктері 8 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен күн ашық болады, жауын-шашын жаумайды, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Елдің батысында және оңтүстігінде циклон мен атмосфералық фронттарға байланысты жаңбыр жауады.
Республиканың солтүстік-батысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауып, жел күшейеді.
Қазақстан бойынша тұман түседі, еліміздің оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады.
Оқи отырыңыз