KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 2 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Қар, жел, тұман: алдағы үш күнге болжам

15.03.2023, 15:50 256 Оразай Жеңісұлы

Синоптиктер 16-18 наурызға ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Қазгидромет ақпаратына сүйенсек, республиканың батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде атмосфералық қысымның жоғарылауына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Орталықта, республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жауын-шашын, қар күтіледі.

16 наурызда күндіз оңтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында, 17-18 наурызда республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын, көктайғақ, қар, жел, тұман күтіледі.

«Температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс күтілмейді, тек республиканың оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 0-8 градус аязға дейін, күндіз 0-7 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі мүмкін», - делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив