KZ
Өскемен
-10°
небольшой снег жел 3 м/с, ОШ
516.13 538.01 5.29

Семейде 13 жастағы бала сатушыны 50 теңге үшін пышақтап кетті

9.04.2019, 04:37 214

Семейде 50 теңгеге ештеңе сатып ала алмаған 13 жастағы бала дүкен қызметкерін пышақтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі express-k.kz сайтына сілтеме беріп.


Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, жасөспірім сабақтан кейін дүкенге еніп, 50 теңгеге не сатып алуға болатынын сұраған. Оған сатушының жауабы ұнамағандықтан пышаққа жармасып, сатушыға шабуылдапты. Бірнеше жарақат салған екен. Сондай-ақ кассадағы ақшаны қалтасына басып, із суытқан.
Ол арада екі сағат өткенде ұсталады.


Тәртіп сақшылары күдіктінің балалар колониясына жатқызылмайтынын айтады. Себебі 14 жасқа толмаған. Әзірге ештеңе мәлім емес. Тексеру жүргізілуде. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия мән-жайды анықтау үстінде.

 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу