Өскемендік тұрғыны көлік аламын деп алаяққа алданған
Аукцион арқылы автокөлік сатып алуға ұсыныс жасаған танысы Өскемен тұрғынын алдап кетті.
Өскемен қаласындағы Үлбі полиция бөлімшесіне 39 жастағы жергілікті тұрғыннан өтініш келіп түскен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ол өзінің танысы 2013 жылы шығарылған «Hyundai Accent» маркалы автокөлікті аукцион арқылы сатып алу сылтауымен оның 1 325 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алдап иемденіп алғанын айтты.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті екі жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылады