KZ
Өскемен
пасмурно жел 6 м/с, Ю
525.11 546.74 4.88

Экстремистік мазмұндағы аудиоматериалдар сақтаған тұрғын жауапқа тартылды – ШҚО

Фото: mail.kz

7.12.2023, 10:00 193 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны экстремистік мазмұндағы аудиоматериалдар сақтағаны үшін жауапқа тартылды.

Құқық қорғау органдарының ақпаратына сүйенсек, табылған материалды ел аумағына әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тиісті тексеру жұмыстарын жүргізу барысында рұқсат етілмеген діни мазмұндағы аудиматериалдар сақтаған 38 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 4-бөлімінің 453-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Өскемен қаласы сотының қаулысымен ер адам аталған құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Осы орайда полиция қызметкерлері тыйым салынған діни сипаттағы материалдарды сақтау және тарату әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу