Тыйым салынған діни мазмұндағы аудиоматериалдар сақтаған тұрғын айыппұл арқалады
Фото: mail.kz
Ел аумағына әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған діни мазмұндағы аудиоматериалдарды сақтаған тұрғын анықталды.
Ер адамды интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу барысында ШҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Аталған факт бойынша 26 жастағы тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК 4-бөлімінің 453-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Өскемен қаласы сотының қаулысымен ер адам аталған құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Айта кету керек, жыл басынан бері өңірде тыйым салынған діни мазмұндағы материалдарды сақтаудың 4 фактісі анықталған.
Полиция қызметкерлері тыйым салынған материалдарды сақтау және тарату әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады.
Оқи отырыңыз