Медицина қызметкерін қорлаған тұрғын жазаланды – Өскемен
Фото: mgazeta.com
Өскемендік ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Облыс орталығындағы Амбулаториялық орталықұа барған ер адам сондағы емхана қызметкерлеріне бағалат сөз айтып, қорлаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аталған факт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 80-1-бабының 2-бөлігіне сәйкес ( Медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлеріне өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде былапыт сөйлеуден, әбес қылықтар (белгілер) мен заттар көрсету) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
- Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының 27 қазандағы қаулысымен ер адам кінәлі деп танылып, 72450 теңге көлемінде айыппұл салынды, - дейді сотының баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз