ШҚО тұрғыны діни сипаттағы материалдар таратқан
Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды
Діни сипаттағы материал таратқан ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-тармағының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
ШҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында діни сипаттағы материалдар тарату фактісін анықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Облыстың 66 жастағы тұрғыны Өскемен қаласының дәмханаларының бірінде діни сипаттағы материал таратқан.
Жиналған материалдар Дін істері басқармасына жіберілді. Жүргізілген дінтану сараптамасының нәтижелері бойынша ұсынылған брошюралар мен буклеттердің діни мазмұны расталды.