KZ
Өскемен
-19°
плотный туман жел 1 м/с, С
499.22 519.14 5.64

ШҚО-да халықтан қару сатып алу бойынша кезекті акция басталды

25.04.2022, 11:15 384

ШҚО Полиция департаменті ағымдағы жылдың 25 сәуірінен бастап шығыс өңірінде «Халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу»  бойынша акциясы өткізілетінін хабарлайды. Бұл ретте заңсыз сақталған қаруды, оның оқ-дәрілерін, жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Сондай-ақ қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін қарудың техникалық жай-күйіне байланысты оның әрбір бірлігі үшін төлем көзделеді.

- 2021 жылы азаматтардан 116 өтініш келіп түсті, 159 атыс қаруы тапсырылды. Атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды қабылдау ПД-ның әрбір аумақтық бөлімінде жүргізіледі, - дейді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Тәртіп сақшылары жарақат алудың алдын алу мақсатында табылған жарылғыш материалдармен және оқ-дәрілермен ешқандай іс-әрекет жасамауды, оларды тасымалдауға әрекет етпеуді, тек полицияның кез-келген бөлімшесіне, «102»арнасына хабарлауды сұрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу