Банк картасын ұрлап кеткен - Семей
Семей қаласы ПБ Орталық полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 21 жастағы жігіт хабарласты. Айтуынша, оның үйіне қонақтар келгеннен кейін банк карточкасынан 55 000 теңге жоғалып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 19 жастағы жігітті ұстады. Күдікті ұрланған қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндіріп, кінәсін мойындаған. Оның бұрын сотты болғаны анықталды.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз