KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
494.87 520.65 4.91

Мемлекеттік бағдарламамен пәтер алып берем деп, алдап кетті - Семей

7.11.2021, 10:54 347

26 қазанда Семей қаласы Полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 57 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, 2021 жылғы маусым-қыркүйек айлары аралығында оның танысы ақшалай сыйақы үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесуге уәде бергенін айтқан. Ұсынысқа жәбірленуші бірден келісіп, кейін ол 1 000 000 теңгені берген.

Сол күні осыған ұқсас қылмыс бойынша Семей қаласының 38 жастағы тұрғынынан арыз келіп түсті.

Қазан айының ортасында қаскөй алдау жолымен, сенімге кіріп, автокөлікті кепілден сатып алу сылтауымен оның ақшасын иемденгені анықталды. Келтірілген залал 500 000 теңге сомасына бағаланды.

- Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді, ол 51 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны болып шықты, ол ұрланған қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндіріп, осы қылмыстарды жасағанын мойындады, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері қаскөйді ұстағаннан кейін, алаяқтың тағы 2 құрбаны полицияға жүгінді.

27 қазан күні Семей қаласы ПБ Орталық ПБ 64 жастағы зейнеткер мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмектесемін деген желеумен, күдіктінің 90 000 теңге сомасындағы ақша қаражатын иемденгені туралы айтқан.

Алаяқтың төртінші құрбаны 32 жастағы қала тұрғыны болды, ол схема бойынша жоғарыда аталған әйелдің 216 000 теңге ақша қаражатын иемденген.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК - нің 190-бабының 3-бөлігі 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу