Пәтер алып беремін деп алдап кетті - Семей
Бүгінде баспана сатып алу халық арасында өзекті мәселе болып отыр. Үйлі болу деген арманға қол жеткізу үшін кей-кезде күмәнді келісім-шарттарға барып жатады. Осы сөздің дәлелі ретінде арзан пәтерге қол жеткізбек болған Семей қаласының тұрғыны болды.
Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында Семей қ. ПБ Орталық ПБ «102» жедел арнасына қаланың 27 жастағы тұрғыны жүгінді, ол 2019 жылдың мамыр айының басында Уәлиханов көшесінде пәтер алуға көмектесемін деген сылтауымен оның ақшалай қаражатын иемденгенін хабарлады. Осылайша 2 700 000 теңге залал келтірді.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 45 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады.
Жауап алу кезінде күдікті қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағанын айтып, кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 190-бабы 1-бөлігі- «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті кінәлі деп танылған жағдайда, оған 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.