74 жастағы қарттың әмиянын ұрлап кетті - Көкпекті

Наурыз айының басында Көкпекті аудандық полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 74 жастағы ер адам хабарласты. Ол 10 наурыз күнң белгісіз тұлғалардың оның пакетінен жеке куәлігі, банк картасы және 70 700 теңге сомасындағы ақша қаражаты бар әмиянын ұрлап кеткенін айтып, арыз түсірді.
- Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестірумен 24 жастағы Көкпекті ауылының тұрғынын анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізді. Күдікті жауап алу кезінде кінасын мойындады. Іс бойынша ұрланған мүлік тәркіленді, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.