KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, СШ
498.55 524.28 4.75

Өскемен тұрғынының банк картасынан 200 000 теңге ұрланды

22.02.2021, 09:45 215

Ақпан айының басында Өскемен қаласы полиция басқармасы Ертіс ПБ-нің «102» жедел арнасына 35 жастағы қала тұрғыны қоңырау шалып, оның банк картасынан ақша ұрланғаны туралы хабарлаған.

Оқиға болған сәтте ол қонақта болғаны және белгісіз біреу кіреберіс бөлмеде ілгіште ілініп тұрған күртесінің қалтасынан оның банк картасын ұрлап кеткені анықталды. Ұрланған сома - 200 000 теңге.

-Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 47 жастағы әйелді анықтап, ұстады, тергеу әрекеттері барысында ол кінәсін мойындап, ұрланған қаражаттың бір бөлігін қайтарып берді ,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы, 2- бөлігімен сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде (ұрлық).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу