KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
515.02 604.22 6.5

Лұқбек Тұмашинов: «Тереңдетілген реформалар - ұлттың болашағы»

29.03.2023, 16:58 733 Ләззат Қанатқызы

Лұқбек Тумашинов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Мемлекет басшысы ҚР Парламентінің бірінші сессиясында сөз сөйлеп, мәжіліс және мәслихаттар сайлауы еліміз үшін аса маңызды кезең болғанын атап өтті. Сондай-ақ биыл алғаш рет аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің тікелей сайлауына да тоқталып өтті. Нәтижесінде, барлық билік институттары жаңа тәсілдермен жұмыс істейтін болады.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде ел алдында жан-жақты жаңғыртуды жеделдету және әлеуметтік-экономикалық прогреске өзгеріс жасау міндеті тұрғанын айтқан болатын.  Бұл ретте, экономика мен еңбек нарығының қозғаушы күші шағын және орта кәсіпкерлік болуға тиіс. Әсіресе, Президенттің шағын және орта бизнесті толыққанды қолдау үшін кешенді шаралар қабылдау туралы ұсынысын қолдағым келеді.
Биыл ауыл кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған 1,5 мыңнан астам жобаны іске асыруға бюджеттен 143 миллиард теңге бөлініп отырғаны да көңілге қуаныш сыйлады. Ол үшін «Ауыл аманаты» атты жаңа жоба іске қосылып, оның шеңберінде ауыл тұрғындарына жылдық 2,5 пайызбен 5-7 жыл мерзімге шағын несиелер берілетін болады. Фермерлер мен басқа да өкілдер үшін қажетті қызметтер ұсынатын ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды қолдауға шамамен 1 триллион теңге бөлінді.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы халық саны аз шекара маңы аудандары туралы өте өзекті тақырыпты қозғап, депутаттарға  шекаралас аудандардың экономикалық дамуына жаңа серпін беру және олардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау есебінен халықтың көшуін азайту үшін нақты шаралар қарастыруды тапсырды.
Сөз соңында барлығының алдында бір мақсат қойды. Бұл – Әділетті Қазақстанды бірге құру. Сондай-ақ  халықтың, ұлттың және мемлекеттің мүдделері бәрінен жоғары тұру керектігін баса айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу