Депутаттың ұлы 34 жасында ШҚО-дағы бір ауданның әкімі болды
ШҚО әкімі Даниал Ахметов Глубокое ауданының жаңа әкімін таныстырды. Әкім постына 34 жастағы Эльдар Тумашинов отырды.
"Ол 34 жаста, соған қарамастан, басқарушы ретінде жақсы тәжірибесі бар, соңғы рет "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарды. Ол әлеуметтік маңызы бар өнімдердің құнын бақылау және шағын және орта бизнесті қолдауға тікелей қатысы бар компания. Бізде жас басқарушылар шығып жатқанына қуаныштымын. Әсіресе, Глубокое ауданында жақсы команда қалыптасты", - деді Ахметов.
Жуырда ғана ауданның бұрынғы әкімі Тамара Рахымжанова пара алып сотталған орынбасарының кесірінен отставкаға кетуге мәжбүр болды.
Тумашинов жайлы жаңалық шыға салысымен, желі қолданушылары оны сын астына алды. Әкесі облыстық мәслихаттың депутаты болса, 34 жаста "жақсы команданы" басқару ешкімге де қиын еместігін атап өтті.
Тумашинов жайлы жаңалық шыға салысымен, желі қолданушылары оны сын астына алды. Әкесі облыстық мәслихаттың депутаты болса, 34 жаста "жақсы команданы" басқару ешкімге де қиын еместігін атап өтті.
"Тоқаев туысқандық-рулық байланыстарды жою туралы айтып еді, Ахметов президенттің сөзін мұқият тыңдамаған сияқты", - деп жазды желі қолданушыларының бірі.