KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
497.89 525.12 5

Халықты жұмыспен қамтуға ерекше назар аударылған – Алтай

Шартты сурет

4.05.2023, 21:18 397 Ләззат Қанатқызы

Алтай ауданында өткен жылы 6 бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, 700-ден астам адам жұмысқа орналастырылған.

Бұл туралы Алтай аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Берікжан Бекбусинов айтып берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Алтай ауданында халықты жұмыспен қамту мәселесін шешу жолға қойылған. Мәселен, өткен 2022 жылы осы мақсатта бірнеше рет бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

– Ауданда кез келген санаттағы адамдарға қолдау көрсетіледі. Өткен жылы 6 рет бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, нәтижесінде 700 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Бизнесті дамыту үшін, оның ішінде жастар үшін миллион теңгеден астам 59 грант бөлінді. Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан 55 адам өтті, – деді Берікжан Бекбусинов.

Оның айтуынша, ауданда жұмысқа орналасуға ниетті тұрғындар үшін түрлі салаларда бос жұмыс орындары ашылды. Атап айтқанда, білім беру саласында 60-тан астам, ТҮКШ және абаттандыру саласында 30-дан астам; өндірістік салада – 27, көлік-логистика саласында – 15, медицина және фармацевтика саласында – 14, құрылыс және сәулет саласы мен ауылдық жерлердегі шаруашылық саласында 10 бос жұмыс орны бар.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу