Абай облысында эвакуацияланған балалардың жағдайы қалай?
Фото: tirshilik-tynysy.kz
Абай облысында эвакуацияланған тұрғындардың арасында 64 бала бар.
Қазақстанның оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Facebook-тегі парақшасында балалардың құқығын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету министрліктің бақылауында екенін атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Барлық эвакуацияланған тұрғындар Семей қаласындағы екі колледж ғимаратына орналастырылған.
Сонымен қатар Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасына асыраушысынан айырылған отбасылармен жеке кездесіп, балалардың психологиялық кеңес алуына, жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалуына барлық жағдайларды ұйымдастыру тапсырғанын мәлімдеді.