KZ
Өскемен
+10°
небольшая морось жел 3 м/с, З
518.57 566.59 6.05

Қазақстанда мектеп бітіру кешін өткізу күні белгіленді

Фото: ашық дереккөз

25.05.2023, 21:44 547

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бүгін елімізде 3,7 миллион бала мектепті бітіріп жатқанын хабарлады.

Бас мұғалімнің айтуынша, 11-сыныпты 172 мың түлек бітіреді, оның ішінде "Алтын белгіге" 6,8 мың үміткер бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  

– Оқу жылы аяқталғаннан кейін салтанатты іс-шараны 1 маусымда,  Балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында өткізу жоспарлануда. Аттестаттарды салтанатты түрде тапсыру биылғы 20-22 маусым аралығында өтеді, – деді министр Үкімет отырысында.

Ведомствоның таратқан мәліметінше, бітіру емтихандары тоғызыншы сыныптарда төрт пән бойынша 2-13 маусым аралығында, ал 11-сынып түлектері үшін бес пән бойынша – 5-19 маусым аралығында өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу