KZ
Өскемен
-13°
плотный туман жел 1 м/с, СШ
498.55 524.28 4.75

Эвакуацияланған тұрғындардың жағдайы қалай? – Абай облысы

Фото: egemen.kz сайтынан алынған шартты сурет

12.06.2023, 11:25 430

Орман өртінен шыққан қалың түтінге байланысты осы уақытқа дейін Семей қаласына қарасты Бұлақ ауылының 80-ге жуық тұрғыны эвакуацияланған. Тұрғындар эвакуациялық пункттерге орналастырылып, азық-түлік және қажетті заттармен қамтылды.

Бұлақ ауылының эвакуацияланған тұрғындарының жағдайы туралы әкімдік мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Әкімдіктің дерегіне сүйенсек, қазір тұрғындардың жағдайы жақсы, қажетті заттармен қамтылған. Сонымен қатар әкімдік еріктілермен бірлесіп табиғи апат аймағында да тұрғындарға көмек көрсетіп жатқанын хабарлады.

– Кеше қатты түтін шығып, әкімдік ТЖ қызметкерлерімен бірге бізді эвакуациялады. Эвакуация жақсы өтті, бізді автобуспен Семей қаласына жеткізді. Мұнда бізге өрт аяқталғанша күту үшін қажет нәрсенің бәрі бар, - дейді Жиенгүл Құрмашова әкімдікке берген сұхбатында.

Қазіргі таңда Семей қаласындағы 3 эвакуациялық пунктте Талица, Половинки, Бұлақ сынды ауылдардың 150-ге жуық тұрғыны орналастырылған. Қалада жабдықталған 9 эвакуациялық пункт бар. Пункттерде қажет жағдайда 800-ге жуық адамды қабылдауға болады, дейді әкімдік.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу