Балалардың жаздағы қауіпсіздігіне қатысты бірқатар шара жоспарланған
Фото: egemen.kz
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев министрлік балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс атқарып жатқандығын мәлімдеді.
Балалардың жаз кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 100 мыңнан астам оқу-жаттығу шаралары жоспарланған, деп хабарлайды Altaynews baq.kz сайтына сілтеме жасап.
– Мониторинг жұмысы нәтижесінде еліміздегі 218 қала сыртындағы лагерьлердің 45-і су қоймаларының жанында орналасқандығы, ал 127 бассейні бар екендігі анықталды. Сонымен қатар балаларға судағы қауіпсіздік бойынша нұсқаулар беріліп, таныстырылып, оларды жүзу дағдыларына үйрету көзделген. Барлығында жүзуден нұсқаушы-әдіскер жұмыс істейді. Мұнан басқа үйірмелер мен секцияларда және сауықтыру орталықтарында балалардың қауіпсіздігіне байланысты 100 мыңнан астам оқу-жаттығу іс-шараларының өткізілуі жоспарланып отыр, – дейді министр.
Сонымен қатар министр қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша маңызды қадамдарды баса айтты.
– Әкімдіктерден жаз мезгілінде су қоймалары маңында кезекшілік ұйымдастыруды сұраймыз. Сонымен қатар судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде балаларға жүзуді үйрету маңызды, – деді Ғани Бейсембаев.
Оқи отырыңыз