Бұқтырмаға арбат келесі жылы салынады
Анель Абзалбекованың суреті
Биыл туристік саланы дамыту жобасы аясында Жаңа Бұқтырма кенті мен су қоймасын абаттандырудың бірінші кезеңі басталды.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін аталмыш демалыс орнын қайта құру жұмыстары үш кезеңде өтетінін және ол 2025 жылға дейін жалғасатынын жазған болатынбыз.
Жазда Жаңа Бұқтырма кентінің орталық бөлігінде алғашқы жұмыстар, яғни ҰОС ескерткіші мен мәдениет үйін абаттандыру жұмыстары басталып та кеткен. Сондай-ақ көшелерде жарықтандыру жүргізілді.
Бұқтырмадағы арбаттың ұзындығы 1,2 шақырымды құрайды. Мұнда велосипед жолағы жасалады, жарықтандырылып, көгалдандыру да жүзеге асырылады.