«Арбат» та салынады, қоғамдық жағажай да болады
Алтайдың Жаңа Бұқтырмасында «Арбат» жаяу серуендеу аймағын және қоғамдық жағажайды абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.
Кентті дамыту бағдарламасының екінші кезеңіне кіретін бұл жобалар биыл басталып, келесі жылға жалғасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Арбат» жаяу серуендеу аймағын және қоғамдық жағажайды абаттандыру жобасы мамырдан басталады, ауданы 13,603 га болатын «Арбат» жаяу жүргіншілер демалыс аймағының шекарасына 103 учаске кіреді.
– Жобада қарастырылған ұзындығы 1,2 км, ені 150 м «Арбат» жаяу серуендеу аймағының құрылысы (жүгіру жолағы мен веложолдар, жарықтандыру және көгалдандыру (гүлзарлар), фудкорттар, шағын дәмханалар, беседкалар, балалар және спорт алаңдары, сәулет нысандары) жүргізіледі, – деді брифингте ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Марат Қабақов.
Оқи отырыңыз