KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, С
480.11 532.25 5.14

Бұқтырмаға келесі жылы арбат салынады

Фото: inbusiness.kz

7.06.2023, 19:22 3 571 Ләззат Қанатқызы

Туристік саланы дамыту жобасы аясында Жаңа Бұқтырма кенті мен су қоймасы биыл абаттандырылатын болады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аталмыш демалыс орнын қайта құру жұмыстары үш кезеңде өтеді. Онда арбат, жаңа жағажайлар, мейрамханалар салу, сондай-ақ аурухананы жөндеу жоспарға енгізілген.

– Бұқтырмадағы арбаттың ұзындығы 1,2 шақырымды құрайды. Мұнда велосипед жолағы жасалады, жарықтандырылып, көгалдандыру да жүзеге асырылады. Алайда арбат тек келесі жылы салынатын болады. Биыл тек жер учаскесі алынып, дайындалатын болады, – деді Жанна Асқарова.

Яғни арбат абаттандырудың екінші кезеңі аясында, 2024 жылы жүзеге асырылмақ.

– Қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Қазіргі уақытта жер учаскелерінің кейбір меншік иелеріне жүргізілген тәуелсіз бағалауға сәйкес құны өтеледі, ал басқаларына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданы бойынша ұқсас жер учаскелері беріледі, – дейді аудан әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ биыл Жаңа Бұқтырма кентіндегі жолдар жөнделіп, асфальт төселетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив