Алтай ауданында жаңа мектеп салынады - ШҚО
Шартты сурет
ШҚО-ның Алтай ауданында жаңа мектептің құрылысы жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылға дейін 1000 мектеп салуды тапсырған болатын. Биыл "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасы аясында Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма кентінде 200 орындық мектеп салынбақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы Алтай ауданы әкімінің орынбасары Сергей Охременко Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты.
"М. Бикетов атындағы орта мектебінде терезе блоктарын ауыстыру, Октябрь орта мектебінде және № 2 Жаңа Бұқтырма мектебінде асханаларды жаңғырту жұмыстары, сондай-ақ ауданның 10 мектебінде 52,7 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі", - деді Сергей Охременко.
Оқи отырыңыз