Жаңа Бұқтырмада жаңа мектеп бой көтереді
Фото: BAQ.KZ
Жаңа Бұқтырма кентінде қазақ тілінде оқытатын 200 орындық жаңа мектеп салынады.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасау туралы тапсырма берген болатын, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қазіргі күні ШҚО-да апатты және үш ауысымды мектептер жоқ, дегенмен жыл сайын жаңа білім беру мекемелерін салу қажеттілігі артып келеді.
2025 жылға дейін облыста барлығы 20 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр. Оның бір бөлігі "Жайлы мектеп" жобасы аясында бой көтермек. Биыл Өскемен, Белоусовка және Жаңа Бұқтырма кенттерінде жаңа білім ордалары салынады.
Сондай-ақ жазғы кезеңде ауданның 10 мектебіне жалпы сомасы 52 миллионан астам теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек.