KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
492.22 529.38 5.03

Риддердегі орманда адасып кеткен тұрғын құтқарылды

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

18.09.2023, 09:40 119 Ләззат Қанатқызы

Құтқарушылар Риддердегі орманда адасып кеткен ер адамға көмекке келді.

Ер адам орманда топтан бөлініп қалады. Кейін адасып батпақты жерге тап болып, сонда аяқ киімін жоғалтып алған. Жалғыз өзі орманда түнеуге мәжбүр болған тұрғын гипотермия салдарынан аяғын баса алмай қалыпты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оқиға қалаған шамамен 23 шақырым жерде болған.

- Хабар алғаннан кейін дереу құтқарушылар мен полиция қызметкерлерінің іздеу тобы құрылды. Ер адаммен орманға барғандардың айтуы бойынша іздеу орны анықталды. Жолдан 4 шақырым жерде табылған құтқарушылардың көмегімен көлікке жеткізілді, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Дәрігерлердің тексеруінен өткеннен кейін ер адам ауруханаға жатудан бас тартты.

Егер қандай да бір төтенше жағдайға тап болсаңыз 101 немесе 112 телефондарына хабар беріңіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив