KZ
Өскемен
+24°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, В
471.46 504.79 5.53

ШҚО-да зейнеткер орманда адасып кетті

31.07.2020, 19:16 120

Зейнеткер Семей қаласының маңындағы орманда адасып кетті. 83 жастағы қария бір тәуліктен астам уақыт нәр татпаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сусыз, тамақсыз 29 сағат орманда адасып жүрген Рамиль Фаткулин Қызыл кордон кентінің тұрғыны екен. Оқиға 29 шілде күні болған. Үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен қария қайта оралмаған соң, туыстары іздеу салады. Еріктілер «Семей орманы» МОТР» ММ жұмысшыларының көмегіне жүгінеді.

Қария 30 шілде күні Семейден 20-25 шақырым жерде 25-ші Қызыл кордон орманшылығының аумағынан табылған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив