Тарбағатайда екі медициналық пункт ашылды
Тарбағатай ауданына қарасты тағы екі ауылда медициналық пункт ел игілігіне берілді.
Тәуелсіздік күні қарсаңында Шолақорда, Ақмектеп ауылдарында медициналық мекеме ашылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Екі елді мекенде де "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында жаңа медпункт құрылысы басталған.
Ауыл тұрғындарын аудан әкімі Дархан Шомпайұлы медициналық ғимараттың ашылуымен құттықтады.
- Шолақорда ауылында ғимарат құрылысы мен барлық жабдықтарына республикалық бюджеттен 150 млн теңге қаражат жұмсалған. Биыл тағы Ахметбұлақ, Жаңаталап, Шорға, Қазақстан, Ақмектеп ауылдарында дәл осындай заманауи жаңа медпунктер ашылып, пайдалануға берілді, - дейді аудан әкімдігі.
Оқи отырыңыз