Өскеменде жауған қардың қалыңдығы 50 сантиметрге жеткен
Облыс орталығында 2 күннен бері толассыз жауған қар қала тұрғындары мен коммуналдық қызметкерлерді әбігерге салғаны рас.
Қазір қала көшелерін қар құрсауынан босату үшін тәулік бойы 86 бірлік техника мен 200-ге жуық қызметкер жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Десе де, әлеуметтік желіде техникалардың жетіспейтінін, қала көшелерімен, тротуралармен жүрі мүмкін еместігін және жол апатының саны да артқанын айтып, шағымданған жұрттың қарасы азаяр емес.
Осыған байланысты бүгін қалалық әкімдік өкілдері мен коммуналдық қызметкерлер бірлесіп кеңес өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін техникала үздіксіз, ал жүргізушілер мен жеке құрам қызметкерлері кезекпен ауысым бойынша желіге шығып жұмыс істеп жатқанын жазған болатынбыз.
Коммуналдық қызметкерлер өз жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, тез арада қала көшелерін тазартуды аяқтайыз деп уәде берді.