KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
515.02 604.22 6.5

Жаңа трамваймен жолаушыларды тегін тасымалдады – Өскемен

12.01.2023, 11:25 633 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығына әкелінген жаңа трамвайларда жолаушыларды тегін тасымалдады.

Жаңа трамвайларға мінген қала тұрғындары қоғамдық көліктің жылы, жарық және өте ыңғайлы екенін айтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сондай-ақ, қоғамдық көліктер QR кодтарын алып үлгермегендіктен 11 қаңтар күні жаңа трамвайға отырған жолаушылардан жол жүру ақысын алмаған.

- Бізге QR-кодтар енді берілді,-деді "Өскемен Көлік Компаниясы" ЖШС директоры Михаил Чайка.

Яғни, енді жолаушылар жаңа трамвайларда жол ақысын әдеттегідей, кез-келген тәсілмен төлей алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу