Өскеменге қашан жаңа трамвайлар әкелінеді?
Көлік компаниясының басшысы Михаил Чайка тікелей эфир кезінде қала тұрғындарының жаңа трамвайларға қатысты сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Жеткізушімен келісімшарт 6 маусымда жасалған. Трамвайларды дайындау мерзімі – 180 күн. Өндіруші зауыттың ақпараты бойынша, вагондар желтоқсан айының басында дайын болады және бірден облыс орталығына жеткізіледі. Біздің трамвайлар Беларусьте – «Белкоммунмаш» АҚ-да жасалып жатыр – деді «Өскемен Көлік Компаниясы» ЖШС директоры Михаил Чайка.
Оның айтуынша, жаңа трамвайларда кондиционерлер, телефондарды зарядтауға арналған модульдер, бейнебақылау жүйесі және өндірушімен келісу сатысында тұрған басқа да элементтер болады.