KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 4 м/с, СБ
480.63 535.13 5.27

Өскемен: Биыл қанша мектеп салынады?

17.01.2023, 11:38 460 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында алдағы жылдары жаңа мектептер ашу мен олардың құрылысы бойынша белсенді жұмыс жүргізу жоспарланып отыр.

Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шаhар басшысының айтуынша, 2023 жылы “Нұрлы Жол” ықшам ауданында жаңа мектеп ашылады.

- Бұл мектеп – жаңа ықшам аудан құрылысының кешенді жоспарының бір бөлігі. Кешенді жоспарда үйлер ғана емес, әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым да қарастырылған. Жаңа мектептің сыйымдылығы – 600 орын, - дейді Жақсылық Омар.

Сонымен қатар, 2023 жылы қалада «Жайлы мектеп» жобасы бастау алады. Бұл ұлттық жобаның мақсаты – сапалы әрі жайлы білім беру үрдісіне тең қолжетімділіктегі теңгерімсіздікті жою. Өскеменде осы жоба аясында білім ордалары жеткіліксіз үш ауданда мектеп салынбақ.

- Жобаның барлық мектептері бірыңғай стандартта болады. Оның ішінде, мектеп кеңістігін рәсімдеу, жылдамдығы 100 Мбит/с кем емес Интернет желісіне қолжетімділік, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін бейімдеу. 2023 жылы жоба бойынша 19-шы ықшам ауданында 600 орындық екі мектептің және Бабкина мельница кентінде 300 орындық бір мектептің құрылысы басталады. Олар 2024 жылы пайдалануға берілмек,- деді ол.

Ал, 2024 жылы Спорт кешені ауданында 600 орындық және 23-ші ықшам ауданында 300 орындық білім ордасының құрылысы басталмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив