Өскемен қаласының әкімі тұрғындармен кездеседі
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қала тұрғындарымен кездеседі.
Биыл алғашқы кездесуі 19, 20, 21, 25 және 27 шағын аудандарының тұрғындарымен ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Кездесу 4 ақпан, яғни сенбі күні сағат 11:00-де № 46 орта мектепте өтеді.
Сонымен қатар, сағат 10:00-ден бастап қалалық ведомстволар мен мекемелерден құралған кеңес беретін топтардың жұмысы ұйымдастырылады.
- 19, 20, 21, 25 және 27 шағын аудандарының тұрғындарын тұрғындарын өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылауға белсенді қатысуға шақырамын, - дейді қала әкімі.
Сұрақтарыңызды алдын ала Байланыс орталығының телефонына 268-986, WhatsApp мессенджерінің нөміріне + 7 705 278 96 05 немесе электрондық поштаға orgotdel.uka@mail.ru жолдауларыңызға болады.