Өскеменде жаңа жылу электр станциясы салына ма?

Сенатор Ольга Булавкина Премьер-Министр Әлихан Смайловқа Өскеменде жаңа жылу электр орталығын салу туралы ұсыныс жасаған болатын.
"Өскемен ЖЭО" ЖШС бұл ұсынысты қолдайтындарын жеткізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Бұл бастаманы біз толықтай құптаймыз. Себебі қалада жылу тапшылығы бар екені рас. Облыс орталығында құрылыс қарқынды жүріп, тұрғын үйлер көптеп салынып жатыр, инфрақұрылым дамып, жылу желісін тұтынушылар да күн санап көбейіп келеді. Егер жаңа жылы электр станциясы салынса жылу тапшылығы жойылатын еді, - деді "Өскемен ЖЭО" ЖШС бас экологы Марина Стрельцова.
"Өскемен ЖЭО" ЖШС өндіріс жөніндегі директоры Владимир Томиловта жаңа жылу электр станциясы ашылса тұтынушыларды жылумен жабдықтау сапасы әлдеқайда жақсаратынын атап өтті.