Өскеменде қандай үйлер жылу беру жүйесіне қосылды?
Өскеменде 154 нысан жылу беру жүйесіне қосылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Оның 130-ы жеке сектордағы үйлер, 21-і әлеуметтік сала нысаны және үшеуі заңды тұлғалардың үйі. Ресми жылу беру маусымы тиісті бұйрыққа қол қойылғаннан кейін басталады. Бірақ белгілі бір жағдайларда жылу берушілер тұрғындардан өтінім қабылдай алады, – деп мәлімдеді «Өскемен жылу желілері» АҚ.
Осы тұста айта кетейік, жылу жүйесіне уақытынан бұрын қосылу көп жағдайда тұрғын үйде ортақ есептеу құралының болуына байланысты.
«Өскемен жылу желілері» айтып өткендей, тұрғындар сайттың көмегімен үйлердің жылыту маусымына дайындық деңгейін бақылай алады: ukteplo.kz немесе «Өскемен жылу желілері Жеке кабинет» мобильдік қосымшасы.