KZ
Өскемен
пасмурно жел 3 м/с, З
487.42 531.39 5.04

"Ауыл хикаялары" байқауына шығарма қабылдау жалғасып жатыр

25.07.2022, 17:44 492

Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бірлесіп, асқақ жазушының туған күніне орай «Ауыл хикаялары» атты әдеби байқау жариалаған еді. Бүгінге дейін 10 шақты автор өтініш білдіріп, шығарма жолдапты. Қабылдау әлі де жалғасып жатқанын естеріңізге саламыз.

– Байқау жұмыстары 2022 жылдың 20 қыркүйегіне дейін қабылданады. Кәсіби мамандардан құрылған «Қазылар алқасы» көркем шығармаларды жан-жақты бағалайды, – деді кітапхана мамандары.

Қазылар алқасының дауыс беруі бойынша жеті (7) жеңімпаз келесі орындар бойынша марапатталады: БАС ЖҮЛДЕ; 1-2-3 орын; Үш (3) – ынталандыру сыйлықтары.

Жеңімпаздарға қаржылай марапатпен бірге, Оралхан Бөкейдің бейнесі бедерленген естелік-сыйлық табыс етіледі.

Шарт бойынша байқауға 25-40 жас арасындағы қатысушылар қатыса алады.

БАЙҚАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

1. Шығарма жанры – проза (эссе, әңгіме, монолог);

2. Байқау тақырыбы – «АУЫЛ ХИКАЯЛАРЫ» (Оралхан Бөкей шығармасының атауымен аталды);

3. Мемлекеттік тілде жазылуы;

4. Ұсынылған шығарманың қаріп өлшемі – 14, Times New Roman; 1,5 арақашықтығында болуы;

5. 10-15 беттен аспауы;

6. Бұрын ешқайда жарияланбаған болуы;

7. Сауатты, көркем тілде жазылуы және тәрбиелік маңызы болуы керек;

8. Қазақстан Республикасы Заңына қайшы келетін, яғни ұлтараздықты, дінаралық алауыздықты тудыратын, зорлық-зомбылықты насихаттайтын, адамның ар-ожданына тиетін және т.б. теріс пиғылдағы шығармалар байқауға қабылданбайды.

9. Байқауға қатысушылар шығармаларын 2022-жылдың 20-қыркүйегіне дейін ukcbs@mail.ru электрондық пошта мекенжайына жіберулері, немесе баспа түрінде кітапханаға әкеліп тапсырулары керек.

Жеңімпаздарды марапаттау - 2022 жылдың 28 қыркүйегінде өтеді. (Оралхан Бөкейдің туған күні). Марапаттау салтанаты өтетін мекенжай: Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана. Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22.

Байқауды ұйымдастыруға жауапты тұлғалардың телефондары:

87778550705, 870749498839 (вацап) - Жанат Жиенбекова

8 (7232) 25-17-70, 8 (7232) 25-03-64.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив