Өскеменде көшеде жалаңаш әйел жүр (видео)
Бүгін Өскемендегі Гагарин бульварында қолында жасқа толмаған нәрестесі бар жалаңаш әйелді бейнежазбаға түсіріп алды. Видео әлеуметтік желілерде таралып жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бейнежазбада жас әйел бағдаршамға тоқтаған көліктердің ішіне кіруге талпынып, жолдың ортасында асфальтқа жатып алып, ақыл-есі кем адамның іс-әрекетін жасаған. Қолындағы сәби де, өзі де киімсіз. Ал бүгін ауа температурасы +10 градусты көрсетіп тұр. Адамдар оқиға орнына полиция шақыртты.
ШҚО ДП баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, әйел мен бала дереу медициналық мекемелерге жеткізіліпті.
- Әйелдің жасы 33-те, бала – алты айлық. Қазір ол психоневрологиялық диспансерге тексеруге жеткізілді, нәресте – Ана мен бала орталығында, - деп хабарлады баспасөз қызметі.