KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Өскемен гарнизонында «Мен қазақша сөйлеймін» атты іс-шара өтті

24.09.2020, 04:48 151

Өскемен гарнизоны «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Халық Қаһарманы Қ.Қайсенов атындағы әскери бөлімнің мәжіліс залында Қазақстан халықтарының тілдері күніне» орай «Мен қазақша сөйлеймін» атты іс-шара онлайн түрде ұйымдастырылды.

Бұл шара өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгерудегі жетістіктері мен кәсіби деңгейін насихаттау мақсатында өткізілді.

Атап айтқанда ұлты өзге әскери қызметшілер өмірбаяндары мен әскери қызметтегі міндеттері жайлы қазақша сұхбат берді және батырлар жырынан үзінді оқыды. Олардың ішінде мотоатқыштар батальонының техник байланыс және автоматтандырылған басқару жүйелері бастығы 3 сыныпты сержант Максим Зайцев, артиллерия дивизионы материалдық қамтамасыз ету взводының взвод сержанты Виктор Лаукард, штаб батальонының офицер-психологы Арманжан Абдуллаев бар. «Бұл материалдар қосымша тілдерді дамыту орталығына «Мемлекеттік тіл-тәуелсіздік символы» атты республикалық конкурсқа қатысу үшін жіберіліп, «Мен бас жүлдеге лайықпын» тақырыбына эссе жазылды. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілін меңгеріп, құрметтегендері өте қуанарлықтай жағдай. Алдағы уақытта да мемлекеттік тілдің дамуына осындай азаматтарымыздың еңбегі көп болатынына кәміл сенеміз. Іс – шараға қатысқан әскери қызметшілер гарнизон басшылығының алғыс хаттарымен марапатталды» – деді әскери бөлімнің мемлекеттік тілді дамыту маманы Шынар Беспаева.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив