KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1 м/с, С
443.35 475.54 4.82

Гарнизонда ашық есік күні өтті

30.11.2021, 17:21 127

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Үшарал гарнизоны механикаландырылған бригадада Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Жас сарбаз» әскери клубының оқушыларына арналған ашық есік күні өтті. 
Гарнизонда ұйымдастырылған шараның мақсаты балаларды Отанын сүюге үйрету және патриоттық рухта тәрбиелеу болып табылады.
Аталмыш ашық есік күні аясында оқушыларға казармадағы үй-жайлар, ақпараттық-тәрбие жұмысы бөлмелері көрсетіліп, офицерлер мен сержанттар түрлі қару түрлерімен және ұрысты жүргізуге арналған құрылғылармен таныстыру сабақтарын өткізді.  
Сонымен қатар, әскери киім үлгілерімен, әскери техника және қару-жарақ түрлерімен жақынырақ танысып, қолдарымен ұстап көрді. Әскери бөлімнің офицер-тәрбиешілері әскери өмір мен тәртіп туралы, сондай-ақ әскери қызметтің, жауынгерлік және оқу-жауынгерлік тапсырмалардың өту тәртібі туралы айтып түсіндірді.
Шара соңында балалар қызықты бір күн үшін әскери бөлімнің қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив