KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 1,6 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Өскеменнің полицейлері қарызы бар жүргізушілерді тоқтатып жатыр

23.09.2020, 05:23 158

 21-25 қыркүйек аралығында Өскеменде «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 Іс шараның мақсаты – жол ережелерін бұзған және алимент төлемей қашып жүрген автокөлік жүргізушілерін ұстап, мойындарындағы қарызын төлету.

Полицейлер көшеден тоқтатқан көлік иесінің қарызы болған болған жағдайда, борышкерге арнайы хаттамалдар толтырылып, материал ары қарай сот қарауына беріледі. Соттың шешіміне қарай қарызы бар адамның мүлкі тәркіленуі мүмкін. Автокөлік айып тұрағына жөнелтіледі және қарыз толығымен өтелгенше шығарылмайды.

Естеріңізге сала кетейік бұған дейін «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы 8-10 қыркүйек аралығында өткізіліп, 9 автокөлік айып тұраққа алынған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив