KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,8 м/с, В
478.93 534.96 5.16

«Эмиль» мен «Восток-Молоко» бірігіп шетелдік брендтерге тойтарыс бермек

21.09.2020, 04:58 286

Алдағы уақытта «Эмиль» мен «Восток-Молоко» компанияларының май, қаймақ, қатты ірімшік және жылтыратылған сүзбеше сияқты өнімдері нарығымыздағы Еуроодақ елдерінен әкелінетін баламаларының орнын баспақ.

Жылдар бойы бәсекелес атанып келген шығысқазақстандық қос алып енді күш біріктіріп, шетелдік өндірушілерге тойтарыс беруге дайындалуда. Екі компанияның бұл бастамасына облыс әкімдігі де қолдау білдіретін болады. Мұны аймақ басшысы Даниал Ахметовтің өзі айтты.

– Ең алдымен, барынша ауқымды нарықты қамтуға, сондай-ақ өндіріс көлемін арттыруға күш жұмсау қажет. Сонда ғана ресейлік және еуропалық тауарлар мөлшерінің импортын азайтуға болады, – дейді облыс әкімі.

Ал «Эмиль» компаниясының бас директоры Анна Аберленің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар басталып та кетіпті. Мәселен, бүгінде қажетті логистикалық кешеннің құрылыс жұмыстарына қатысты жоба жүзеге асырылуда. Жоспар бойынша ішуге арналған йогурттар мен қатты ірімшіктер сияқты жаңа өнім түрлерін өндіруге мүмкіндік беретін бұл кешен 2022 жылы іске қосылуы тиіс. Сол сияқты «Восток-Молоко» компаниясы да алдына қатты ірімшік пен түрлі сүзбелер өндіру мақсатын қойып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив