1977 жылдан жөндеу көрмеген Күршімдегі №5 мектепте өзгеріс бар
1977 жылдан бері күрделі жөндеу қөрмеген Күршімдегі №5 мектептің шатыры мен терезелері жаңартылып, ғимарат ішіне дәретханалар қойылды, деп хабарлайды, Алтайньюс тілшісі.
Мектептің шаруашылық меңгерушісі Еркін Қизатовтың айтуынша, жоспарланған жұмыс 2,5 айдың ішінде аяқталып қойған. Қазір мектепте оқушылар сабақ оқып жатыр.
«Жаңа ғасыр технологиялары» ЖШС 24 млн 340 мың теңгенің жұмысын дер кезінде бітіріп, мектепті оқу кезеңіне сәйкес тапсырып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасының аясында аталған мектепте 10 уақытша жұмыс орыны ашылып, 5 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбекке тартылған.
Мектеп терезелерінің жаңаруы әсіресе оқушылардың көңілінен шыққан.
-Бұрын сыныбымыз мұндай жарық емес болатын. Жаңа терезелер қойылған соң мектебіміздің іші үлкейіп кеткен сияқты және жап-жарық, дейді Алина Зарылханова есімді оқушы.