Қазақстанда жол салу саласында 4 мыңдай маман жетіспейді
Елімізде жол саласындағы мамандар тапшылығы бар. Бұл туралы ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ұлан Әліпов мәлім етті.
«Бүгінде жол саласында жұмыс істейтін 4 мыңдай маман жетіспейді. Атап айтқанда, экскаватор, бульдозер, каток көлігінің операторлары мен қоса грейдер және тасжол төсеу мамандары тапшы. Бүгінде осы мәселені шешу үшін шетелдік мамандардың көмегімен өз мамандарымызды әзірлеп жатырмыз. Одан бөлек, облыс әкімдіктерімен келісімге келіп, жұмыспен қамту орталықтары арқылы бізде тапшы мамандарды әзірлеу және оны қажет мамандықтар қатарына қосу жұмыстарымен айналысып жатырмыз», - деді Ұ. Әліпов.