13 қыркүйек: ШҚО-да үсік жүріп, тұман түседі
13 қыркүйек күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Екпінді жел соғады. Елдің қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың батысы мен шығысында кей жерлерде тұман болжанады,
Атап айтқанда, Алматы, күндіз Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Ақтөбе, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзағай болжанады.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман болады. Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 1-3 градус үсік күтіледі. Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерлерінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.