ШҚО-да жел күшейіп бұршақ жаууы ықтимал - Қазгидромет
22 маусымда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Сондай-ақ, Қазақстанның солтүстігінде түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстікте және батыста күн ашық болады.
Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Солтүстік Қазақстан облысында дауыл күтіледі, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі.
Қостанай, Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы, Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді, Алматы, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Қарағанды, күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл тұруы мүмкін, Қарағанды облысының кей жерлерінде бұршақ күтіледі.
Атырау, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз аптап ыстық болады.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Қостанай, Түркістан, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.