KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 1,3 м/с, В
439.43 473.31 4.82

1-3 градус. Қазақстанның басым бөлігінде күн суытады

24.09.2019, 04:08 122

Қазақстанның басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидрометтің хабарлауынша, түнде кей жерлерде жауын-шашын жауады (жаңбыр, жылбысқы қар) күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай, тұман күтіледі, солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал.

Республиканың кей жерлерінде жел, өте қатты екпілі жел солтүстік аумақтарда сақталады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с және одан аса күшейюі күтіледі, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.

Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарында жел 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с және одан күшті жел күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік жүреді. Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Карағанды облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан жекелеген ауданында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив