KZ
Өскемен
-4°
ясно жел 2 м/с, В
495.95 524.37 4.98

"Мемлекет басшысының Жолдауы ел дамуына жаңа серпіліс әкеледі"

2.09.2020, 03:31 100

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арналған кезекті жолдауында елдің әл-ауқатын көтеруге арналған кешенді шараларға кеңінен тоқталып, үкіметке нақты тапсырмалар берді.

Президент өз жолдауында мемлекеттік басқарудың жаңа моделін ұсынды. Яғни, бұл бағытта мемлекеттік қызметті қайта ретке келтіру қажет. Ол үшін реформаны жүйелі түрде жүргізетін боламыз деді мемлекет басшысы. Бұл кадрлық мәселеге басты назар аударуды талап етеді.

Жыл басынан әлемді алқымынан алған алапат індет қаншама мемлекеттерде адам шығынымен қатар, ел экономикасына ауыр соққы беріп, туризммен күн көріп отырған бірқатар мемлекеттерді дағдарысқа ұшыратты. Әлемдегі дағдарыстың салқыны біздің елдің экономикасына да өз әсерін тигізбей қоған жоқ. Әсіресе, шағын және орта кәсібін дөңгелетіп отырғандар мәжбүрлі карантиндік кезінде табыс көзі едәуір азайған.Тіпті, амалсыздан жабылуға тура келген кәсіпкерлер саны көбейді.

Президентіміз бұл олқылықтың орнын толтырып, шағын және орта кәсіпке мемлекет тарапынан 200 млрд тенге көлемінде арнайы көмекқаржы қарастырылғанын айтты.

Бұл еліміздегі кәсіпкерлерге жасалған қамқорлық алдағы уақытта өз жемісін береді деп сенеміз. Сонымен қатар, Президент жолдауында «Жер шетелдіктерге сатылмайды» деп ел ішінде резонанс тудырып, соңы үлкен шиеленіске апара жаздаған даулы мәселеге өз нүктесін қойды. Біз бұдан қоғамда белең алған күмәнді ойларға тоқтау болып, халық пен билік бір байламға келгенін байқаймыз

Пандемия барысында өз денсаулықтарын қатерге тігіп, әр науқастың өмірі үшін соңына дейін күрескен дәрігерлердің еңбегі орасан зор. Президент алдағы 2023 жылға дейін ақ халатты абзал жандардың жалақысы елдегі орташа жалақымен салыстырғанда екі есе көтерілетінін баса айтты. Бұл медицина саласына ғана емес, жалпы халыққа көрсетілген қамқорлық деп бағалауға болады. Себебі, дәрігерлердің әлеуметтік жағдайын көтеру арқылы елдегі медициналық қызметтің сапасын арттыруға түрткі болмақ.

Жалпы, Президент жолдауын тыңдай отырып, елдің даму механизімін кадрлық мәселеге тікелей байланыстырғанын аңғарамыз. Мәселен, мемлекеттік қызметкерлердің санын алдағы 2021 жылға дейін 15 пайызға азайтып, сапасын арттыруды толық қолдаймын.

Себебі, елді жайлаған пандемия елге нағыз қажетті мамандарды өзі-ақ сұрыптап берген секілді.Демек, біз қоғамға қажетті кадрларға баса мән беруіміз керек.

Бұл ретте жастар арасынан сұрасынқа ие мамандарды даярлау қажет. «Қазіргі жастар тез әрі оңай байып кеткісі келеді» деген сыни пікірін жасыра алмаған Қасым Жомарт Кемелұлы жастарды ең әуелі нағыз маман болуға талпынуға үндеді.

Жолдауда бұдан өзге қамтылған көптеген маңызды мәселелер мен қойылған тапсырмалар
көп кешікпей сәтті жүзеге асырылып, өз жемісін береді деген үміттеміз.

полковник Рустем Ақбалин.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу